(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ОРТА, Т...

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

3) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есеп ұсынып тұрсын, сондай-ақ оны бірінші басшының қолын қойғызып, интернет-ресурста (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) орналастырып тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

5. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 28 наурыздағы

№ 249 қаулысымен

бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және

 кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған

тұжырымдамасы

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.